+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Министр 42 500 теңге екінші айға қалай төленетінін түсіндірді

2020 жылғы 13 сәуір 12:42
Бөлісіңіз:
Министр 42 500 теңге екінші айға қалай төленетінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтеше жағдай мерзімі созылса келесі айға төлем автоматты түрде беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұрт «Төтенше жағдай созылды, екінші айға әлеуметтік төлем төлене ме және оған тағы өтініш береміз бе? деп сұрап жатыр. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалып, төленсе болды. Екінші рет өтініш беру қажет емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем бердік. Сізді білеміз, танимыз. Төтенше жағдай мерзімі созылса, келесі айына сізге айтпастан төлей береміз», - деді министр.

Оның айтуынша, 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі мерзімге 42 500 теңге әлеуметтік төлем жасалды. Енді карантин мерзімі тағы 15 күнге созылып отыр. Сондықтан жұртшылық тарапынан 42 500 теңгенің жартысы төлене ме деген сұрақ түсіп жатыр.

«Жоқ, бұл төлем ерекше. Мұны сол 29 сәуір күні өткізсеңіз де бір күнге, жарты айға деп бөлмейміз. Өтініш берсеңіз толығымен 42 500 теңге төленеді. Күніне саналмайды. Мысалы, төтенше жағдай бір ай болып одан кейін 5 күнге созылған күннің өзінде 42 500 теңге төлейтін едік», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT