42 500 теңге барлық адамға неге бірдей берілмейді - Біржан Нұрымбетов жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемі барлық азаматқа бірдей төленбейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Неге 42 500 теңге барлық азаматқа бірдей берілмейді? Енді осыны түсіндіріп берейін. Төтенше жағдайға байланысты Үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды, қарастырылып жатыр да. Бір жағынан несиелер, салықтар, қарыздар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта ұлғайды. Жаңа қаражат төленгенге дейін сәуір айын төлеп қойғанбыз. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны көтерілген мөлшерін мамыр айында сәуірдегі қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеуге 15 мыңнан төлем енгізілді. Оны да осы жерге тиісті мамандар келіп түсіндіреді. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осындай көп көмектің бірі - төтенше жағдайға байланысты алып жүрген жалақысынан, тауып жүрген табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге

«Сондықтан бұл бөлек төлем болғаннан кейін оның шарттары бар. Негізгі шарты - алып жүрген жалақыңыздан, тауып жүрген табысыңыздан төтенше жағдай салдарынан айырылған жағдайда төленетін төлем», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар