+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

2020 жылғы 2 сәуір 13:34
Бөлісіңіз:
42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды. Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет» делінген хабарламада.

Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады.

Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс)


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT