+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

42 500 теңге әлеуметтік көмек тағы беріле ме

2020 жылғы 25 маусым 13:26
Бөлісіңіз:
42 500 теңге әлеуметтік көмек тағы беріле ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге әлеуметтік көмек енді берілмейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2,2 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге төлем аударылды 2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем аударылды Шілде айында 163 мыңнан астам жамбылдық 42 500 теңгеден көмек алды

«Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сату есебінен түскен қаражат пайдаланылған болатын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Министр бұл жұмыстардың барысында Еңбек министрлігіне еліміздің Ұлттық банкі көмек көрсеткендігін баса айтты.

«Бұл тұрғыда бізге Ұлттық банк көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жататын болса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT