+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қаралады

2020 жылғы 25 мамыр 10:26
Бөлісіңіз:
42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
2,2 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге төлем аударылды Шілде айында 163 мыңнан астам жамбылдық 42 500 теңгеден көмек алды

«42 500 теңге» төлемі тағайындалмағанмен келіспейтін азаматтардың өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау қағидаларына жоғарыда көрсетілген төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.

Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Растайтын құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

- жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;

- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);

- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);

- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Облыстық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі.

Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT