+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

42 500 теңге: 960 мыңнан астам адамға тағайындалды

2020 жылғы 20 шілде 15:32
Бөлісіңіз:
42 500 теңге: 960 мыңнан астам адамға тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 шілде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 133 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 961,3 мың адамға тағайындалды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 133 мың өтінімнің ішінде:

– 697,25 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 291,6 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 63,5 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 80,85 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 697,25 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 25,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 410,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

МӘСҚ-тан 961,3 мың адамға төлем тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.

Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT