41 жастағы тараздықтан синтетикалық есірткі табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицейлер ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 41 жастағы Тараз тұрғынын ұстады.

Ер адамнан «мефедрон» (2гр 600мг) және «а-РVР» (1 гр 130 мг) психотроптық синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша изоляторына қамалды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар