400 мыңнан астам астаналық шағын және орта бизнеспен айналысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорада шағын және орта бизнестің даму қарқыны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес басшысы Болат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлік кеңестің 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес негізгі міндеттердің бірі - кәсіпкерлік саласындағы жүйелі проблемаларды қарау. Сонымен қатар оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Мәселен, былтырдан бері өңірлік кеңес 73 мәселені қарады, оның 48-і тікелей бизнеске қатысты проблема»,- деді Болат Омаров Нұр-сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің есептік кездесуінде.

Сондай-ақ, ҰКП өкілі бизнестің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму көрсеткіштерін атап өтті.

«Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша елордада 168,3 мың кәсіпкерлік қызмет субъектісі жұмыс істеп тұр. 2019 жылы олардың саны – 134,4 мың, 2020 жылы – 144,7 мың, өткен жылы 163 мыңды құраған. Сол сияқты шағын және орта бизнес ашып, жұмыспен қамтылғандардың оң динамикасы байқалады. Нақтылай айтқанда, 415 925 адам немесе 72%. Аталған көрсеткіш 2020 жылдың соңына қарағанда 12,4%-ға жоғары», - дейді ол.

Бұған дейін шетел инвесторларының Қазақстан нарығына аса қызығушылық танытып отырғаны айтылды.


Соңғы жаңалықтар