+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

2019 жылғы 5 қараша 17:21
Бөлісіңіз:
400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте шекарашылар 400 кг қара уылдырық, декларцияланбаған валюта және тотықұсты шекарадан алып өтпек болғандардың жолын кесті. БҰл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан шекара бекетін жаңғырту туралы келісімге қол қойды 40 тонна мал терісі мен оқ-дәріні Ресей асырмақ болғандар ұсталды Тәжікстан шекарасында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды

Бүгін таңғы 6 сағат шамасында «Жайсан» өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара уылдырық пен бекіре балығын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы - 156 млн теңге.

«Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып, қапшықтағы күріштің, мейіз бен жаңғақтың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады. Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды» делінген хабарламада.

Қорғас шекарашылары өткен тәулікте «Қорғас» ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған екі оқиғаның куәсі болды. 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылы туған әйел адамның екеуі де - Қазақстан азаматтары. Олар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Бейнеу шекарашылары «Мәскеу - Душанбе» бағытындағы № 330 пойызда 4 тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тотықұстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тотықұстар Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT