+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

40 тонна мал терісі мен оқ-дәріні Ресей асырмақ болғандар ұсталды

2019 жылғы 8 қараша 17:37
Бөлісіңіз:
40 тонна мал терісі мен оқ-дәріні Ресей асырмақ болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекарашылар 40 тонна ірі қара мал терісін, 60 кг елік етін және 40-тан астам оқ-дәріні шекара асырмақ болғандарды құрықтады. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан шекара бекетін жаңғырту туралы келісімге қол қойды Тәжікстан шекарасында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды 400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шекарашылар өткен тәулікте Қазақстан-Ресей шекарасында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда А қтөбе шекара жасағының «Жайсан» өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара мал терісін (құны 3 млн теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолы кесілді. Ұсталғандар - 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары. Бұл іспен Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті айналысып жатыр.

«Сондай-ақ, Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» және Павлодар шекара жасағының «Қосақ» пунктілеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.

Осы күні Петропавл шекара жасағының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге «УАЗ» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып, аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT