+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

2020 жылғы 10 тамыз 20:53
Бөлісіңіз:
40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты 3-16 тамыз аралығында 7887 азаматқа мүгедектік мерзімі автоматты түрде үш айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

«Бұған дейін карантин шараларына байланысты 31 963 қазақстандықтың мүгедектік мерзімі үш айға ұзартылған болатын. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 16 наурыздан 7 тамызға дейін 13 509 қазақстандық мүгедектікті «eGov.kz» порталы арқылы онлайн-режимде сырттай рәсімдеп, мерзімін созды. Бұл мүмкіндік автоматты түрде ұзартумен қатар, мемлекеттік мекемелерде адамдардың көп жиналуын болдырмау және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мүгедектігі бар адамдарға берілді. СOVID-19 таралуына байланысты шектеу шараларының енгізілген барлық кезең ішінде азаматтар мүгедектікті белгілеу және куәландырудан қайта өту үшін электрондық форматта өтініш бере алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «eGov.kz» порталы арқылы 16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларды сырттай қайта куәландыруға болады. Оларға мүгедектігін растайтын құжаттар негізінде және алдыңғы куәландыруға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 2 млн 257,3 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлемінде төлем берілген болатын. Ал тамыз айында карантиннің ұзартылуына орай, 2 млн 241,6 мың адам 21 250 мың теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT