40 мыңға жуық қарағандылық мемлекеттік тілде диктант жазды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Достастық үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай  «Астана - бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпыреспубликалық ашық диктант өтті. Оған Қарағанды облысы бойынша 40 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Диктантты өткізудің негізгі мақсаты - адамдардың сауаттылығын тексеріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату болды. Аталмыш акция қазақстандықтардың азаматтық және өмірлік позицияларын белсенді түрде танытып, қазақ халқының құндылықтарын дәріптеуді міндеттейді. Мемлекеттік тілде диктант жазу үшін өз еріктерімен келген адамдар көп болды», - деді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің басшысы Индира Тоқмурзина.

Іс-шара Қазақстан халықтары Ассамблеясының жыл сайынғы «Мың бала» мәдени-ағарту жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер, оқушылар, қоғам қайраткерлері мен барлық еріктілер қатысты.

Облыс бойынша диктантты 40 000-ға жуық адам жазған. Олардың қатарында 1000 студент және 2000 мемлекеттік қызметкер бар.

Соңғы жаңалықтар