40 мың адамның салық айыппұлы кешірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – Рақымшылықтың арқасында 40 қазақстандық салық айыппұлынан құтылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын және орта бизнес нысандары үшін салықтық рақымшылықтың ресми мерзімі биыл, 31 желтоқсанда аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне қарағанда, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 90 077 салық төлеушінің мойнында салық қарызы болған. Оны ішінде берешек - 210,4 млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл - 7,4 млрд көлемінде тіркелген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиевтің айтуынша, рақымшылық акциясының арқасында айыппұл мен күн сайын өсетін өсімпұлды 100% төмендету мүмкіндігі беріліп отыр.

«2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша рақымшылық акциясына жыл басынан бері 39330 салық төлеуші үн қосқан. Олар бюджетке айыппұл мен өсімпұлсыз негізгі салық қарызы ретінде 7,6 млрд теңге төледі. Яғни, 2,1 млрд теңге өсімпұл мен 180,6 млн теңге айыппұл кешірілді», - дейді комитет өкілі.

Соңғы жаңалықтар