40 қазақстандық Түркия мен Ресейдің әскери ЖОО-ларының студенті атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық ұланының академиясында Түркия мен Ресейдің әскери оқу орындарына түскен Қазақстан Республикасының 40 курсанты ант қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жыл сайын Ұлттық ұлан академиясының бірінші курсына курсанттарды қабылдаумен қатар, халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердегі әскери оқу орындарында білім алуға қабылдау жүргізіледі. Әскери ант – бұл Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен нормативті-құқықтық құжат, салтанатты түрде ант беру және бұлжымас әскери ритуал», - деді Ұлттық ұланнан.

«Бірің 4 жыл, бірің 5 жыл өз Отаныңнан алшақта білім аласыңдар. Осы жылдар бойы елімізде оқитын курсанттарға қарағанда сендерге қиындау болады. Туыс-туған, жора-жолдас пен қымбат жандармен айырылысу жеңіл жүк емес. Уақыт пен ара-қашықтық өмірлеріңде кімнің-кім екенін және өздерің бұл сыннан қалай өтетіндеріңді көрсетіп береді. Сендерге өз Отандарыңды елден тысқары жерде танытуға абыройлы міндет жүктелді. Білімдерің мен тәртіптерің арқылы өзге елдер өкілдерінде Отанымыз бен халқымыз туралы түсінік қалыптасады», - деді Ұлттық ұлан академиясы бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрбай Бектұрсынов.


Соңғы жаңалықтар