20:31, 03 Желтоқсан 2021 | GMT +6
4 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 желтоқсан күні елордада және Алматы қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің IV отырысы өтеді. Кездесу барысында екі тараптың кәсіпкерлері логистика мәселелерін, транзиттік тасымалдау кезіндегі жоғары мөлшерлемелерді, сертификаттау мәселелері мен шикізат бағаларын талқылайды.
10.00-де М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ-де студенттер арасында ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді.
10.30-да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Қуыршақтар театрында «Түйме қыз» қойылымы көрсетіледі.
12.00-де «Алау» мұз сарайында жаппай сырғанау басталады.
17.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы қойылады.