4 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 4 желтоқсанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

60 жыл бұрын (1962) Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы ИСАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 1985-1987 жылдары – Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор. 1987-1991 жылдары – «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі. 1991-1994 жылдары – «Өркен»- «Горизонт» гаеті редакторының орынбасары, редакторы. 1994 жылғы ақпан-сәуір айларында – Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры. 1994 жылғы мамыр-шілде айларында – Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары. 1994-1995 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы. 1997-1999 жылдары – ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 2000 жылы – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылы – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2002-2003 жылдары – ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі. 2003-2006 жылдары – ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2006-2008 жылдары – ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2008 жылғы ақпан-тамыз айларында – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2009 жылдары – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 2009 жылғы шілдеден ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 2019-2022 жылдары ҚР Парламентіндегі Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің жетекшісі. Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың маусымынан. «Құрмет» (2007) орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

50 жылбұрын (1972) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Жан Сержанұлы ҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетін (1994); Аудармашылар және халықаралық қатынастар институтын (Страсбург, Франция, 1996); Францияның Премьер-Министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық институтын (Париж, 1998); Адам құқықтары жөніндегі институтты (Страсбург, 1998); Халықаралық құқық академиясын (Гаага, 1998); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (Астана, 2006) бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің сарапшы-тілшісі (1995); ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі директорының көмекшісі (1996-1997); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1999-2001); ҚР Франция Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (Париж) (2001-2005); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Батыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы (2005-2006); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Еуропа басқармасының басшысы (2006-2007); ҚР Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігінің, Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы өкілдігінің Кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі (Брюссель) (2007-2010); ҚР Франция Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі (Париж) (2010-2016); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында экономикалық дипломатия бағытында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Сыртқы істер министрлігі Алқасының мүшесі (2017); ҚР Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 ж. 31 қазаннан); ҚР Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы (2018 ж. 12 сәуірінен). ҚР Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2018-2022).

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қыркүйегінен.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік медальдарымен; ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен (2007, 2013, 2016); ҚР Сыртқы істер министрінің алғыс хатымен (2014) наградталған.


38 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы КЕҢБЕЙІЛ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

2006-2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2013 жылы ҚР Қаржы министрлігі концессиялық жобалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың наурызынан.


Соңғы жаңалықтар