4 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 4 желтоқсанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1962) ҚР Парламентіндегі Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің жетекшісі Бейбіт Өксікбайұлы ИСАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор. 1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» гаеті редакторының орынбасары, редакторы. 1994 жылғы ақпан-сәуір айларында - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры. 1994 жылғы мамыр-шілде айларында - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы. 1997-1999 жылдары - ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 2000 жылы - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылы - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2002-2003 жылдары - ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі. 2003-2006 жылдары - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2006-2008 жылдары - ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2008 жылғы ақпан-тамыз айларында - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2009 жылдары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 2009 жылғы шілдеден ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. «Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Жан Сержанұлы ҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетін (1994); Аудармашылар және халықаралық қатынастар институтын (Страсбург, Франция, 1996); Францияның Премьер-Министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық институтын (Париж, 1998); Адам құқықтары жөніндегі институтты (Страсбург, 1998); Халықаралық құқық академиясын (Гаага, 1998); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (Астана, 2006) бітірген. Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің сарапшы-тілшісі (1995); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі директорының көмекшісі (1996-1997); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1999 -2001); Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (Париж) (2001-2005); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Батыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Еуропа басқармасының басшысы (2006-2007); Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігінің, Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы өкілдігінің Кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі (Брюссель) (2007-2010); Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі (Париж) (2010-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында экономикалық дипломатия бағытында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Сыртқы істер министрлігі Алқасының мүшесі (2017); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды (2017 ж. 31 қазаннан); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды (2018 ж. 12 сәуірінен).

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік медальдарымен; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен (2007, 2013, 2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хатымен (2014) наградталған.


Соңғы жаңалықтар