+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

4 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 4 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
4 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандар назарына 4 желтоқсан күні дүниеге келген белгілі тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


63 жыл бұрын (1956) Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Серік Ордабекұлы ТҰРБЕКОВ дүниеге келген.

К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген, ғалым-агроном.

Еңбек жолы: «Қаракөл» ғылыми-өндірістік бірлестігінде зертханашы ( 1980-1982); К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспиранты (1982-1985); «Красноводопад» мемлекеттік селекциялық стансасының аға ғылыми қызметкері (1985-1988); «Шымкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, директоры (1988-1997); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1997-1999); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы агроөнеркәсіп кешенінің ОҚО бойынша аумақтық инспекциясының бастығы (1999-2003); «Оңтүстік» ӘКК ҰК АҚ басқарушы директоры (2007-2008); «Оңтүстік» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2008-2010); ОҚО Мақтаарал ауданының әкімі (2010 жылдан бастап).

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қыркүйегінен. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған, Сайрам ауданының құрметті азаматы.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы қыркүйекте кірісті.


58 жыл бұрын (1961) Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Сабырбекұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Семей қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математик мамандығы (1984); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы (2007); І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген (2012).

Еңбек жолы: Алматы халық шаруашылығы институтының Алатау аудандық комсомол комитеті хатшысының орынбасары (1986-1987); Алматы халық шаруашылығы институтының Алатау аудандық комсомол комитетінің хатшысы (1987-1988); Қазақстан ЛКЖО Алатау аудандық комитетінің хатшысы (1988-1990); Қазақстан ЛКЖОАлматы қалалық комитетінің қалалық студенттер бірлестігі қауымдастығының директоры (1990); Қазақстан ЛКЖО орталық комитетінің жаппай саяси жұмыстар секторының меңгерушісі (1990-1991); Алматы қаласы қаланы көріктендіру департаментініңтехникалық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы (2000-2001); Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы (2005-2006); Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары (2006-2007); Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры (2007-2008); «Астанаэнергосервис» АҚ коммерциялық директорының орынбасары (2008); «Астана Тазалық» ЖШС басқарма төрағасы (2008-2011); Астана қаласы мәслихатының хатшысы (2011); Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі (2011-2013); «Астана қаласы еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысы (2013-2015).

2015 жылдың қазан айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2014); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медалімен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.


57 жыл бұрын (1962) Парламенттегі Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің жетекшісі Бейбіт Өксікбайұлы ИСАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор. 1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» гаеті редакторының орынбасары, редакторы. 1994 жылғы ақпан-сәуір айларында - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры. 1994 жылғы мамыр-шілде айларында - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы. 1997-1999 жылдары - ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 2000 жылы - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылы - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2002-2003 жылдары - ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі. 2003-2006 жылдары - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2006-2008 жылдары - ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2008 жылғы ақпан-тамыз айларында - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2009 жылдары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 2009 жылғы шілдеден ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

«Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.


47 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы Жан Сержанұлы ҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетін (1994); Аудармашылар және халықаралық қатынастар институтын (Страсбург, Франция, 1996); Францияның Премьер-Министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық институтын (Париж, 1998); Адам құқықтары жөніндегі институтты (Страсбург, 1998); Халықаралық құқық академиясын (Гаага, 1998); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (Астана, 2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің сарапшы-тілшісі (1995); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі директорының көмекшісі (1996-1997); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1999 -2001); Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (Париж) (2001-2005); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Батыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Еуропа басқармасының басшысы (2006-2007); Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігінің, Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы өкілдігінің Кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі (Брюссель) (2007-2010); Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі (Париж) (2010-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында экономикалық дипломатия бағытында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Сыртқы істер министрлігі Алқасының мүшесі (2017); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды (2017 ж. 31 қазаннан); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды (2018 ж. 12 сәуірінен).

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік медальдарымен; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен (2007, 2013, 2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хатымен (2014) наградталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT