+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

4 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 4 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
4 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 4 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық гепард күні

Жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн гепардтарды қорғаудың маңызы туралы ақпаратты тарату мақсатында бекітілген. Гепард құрлықты мекендейтін сүтқоректілердің ең жылдам өкілі ретінде танымал. Мысық тұқымдасына жататын жануардың жылдамдығы 110 км/сағатқа дейін жетеді. Бірақ олардың табиғаттағы саны тым азайып кеткендіктен, қажетті шаралар қолға алынбаса жойылып кету қаупі бар.

Қырғызстанда «Манас» эпосының күні

Бұл күн ел Парламентінің кеңесімен және Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің бастамасымен Республика Үкіметінің 2015 жылдың 27 сәуіріндегі №259 қаулысымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1919 жылы Семей губерниясы партия комитеті «Семей таңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан кейін аптасына 3 рет шығатын болды. Еңбекшілерді революцияны қорғауға шақырды. 1923 жылы «Еңбекші жас» атты айдарын комсомол жастарына арнап шығарды. «Семей таңы» редакциясында Ж.Аймауытов, Ш.Тоқжігітов, С.Дөнентаев, М.Тұрғанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов жұмыс істеді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанынан ҚР Тұрақты өкілдігі ашылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі ашылды.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазтеңізкөлікфлот» ұлттық теңіз кеме компаниясы» АҚ құрылды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. Оған 5 кандидат қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыс жинап, 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Дауыс беруге сайлаушылардың 77 % қатысты. Сайлау электронды дауыс беру және дәстүрлі бюллетеньдер көмегімен өтті.

2012 жылы Астанада жаңа электровоз құрастыру зауыты ашылды.

2014 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасының аясында қазақ айтысының жеті томдық жинағы таныстырылды.

2017 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, халықаралық шебер, қыздар арасында Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін және абсолютті чемпионы, шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Динара Сәдуақасованың шахмат туралы алғашқы «Шахмат ойнап үйренейік» кітабы шықты.

2018 жылы Илон Масктың «SpaceX» компаниясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасап шығарған «Аl-Farabi-2» қазақстандық наноспутнигін іске қосты. Ол Астана уақытымен 00:32-де Калифорния штатындағы (АҚШ) Вандеберг әскери-әуе базасынан сәтті ұшырылды.

2018 жылы Павлодар облысында ауыл азаматтары хан Абылайдың ерлік жорығын дәріптейтін ескерткіш белгі орнатты. «Абылай, найза мекені» немесе «Шабанбай жайылымы» деп аталатын тарихи жер Баскөл ауылының іргесінде жатыр. Жаугершілік заманда Жоңғар шапқыншылары Қалмаққырылған тауының етегінде үлкен тойтарысқа ұшырайды. Дәл сол жолы жауға қарсы атой салған қалың әскер Шабанбай деген дәулетті адамның жайылымына келіп үш күн аялдапты. Жаужүрек батырлардың жолсоқты кейпін көрген жомарт жан хан Абылайдың қарамағындағы жасаққа 500 сәйгүлік мінгізіп, киім-кешек пен ас-суларын әзірлеп берген деседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT