Тал түбінен табылған бала оқиғасы: Мұхаммед өзін әкесі ұрмағанын айтты

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде ағаш түбінен табылған 4 жасар баланың бейнежазбасы жарияланды. Мухаммед басына қалай зақым келгенін анасына ишарамен түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейнежазбада Мухаммед анасының қойған сұрақтарына жауап береді. Ол өзін әкесі таспен ұрмағанын тұспалдап, көлік қаққанын көрсетеді.
Сондай-ақ, видеода Мухаммедтің үйінде балалармен ойнап отырғанын көре аламыз.
Бұған дейін оның ауруханадан шыққанын, жаңдайы жақсарып үйіне жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетсек, жантүршігерлік оқиға 16 шілде күні Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар бала қан жоса болған күйінше тал түбінен табылған еді.
Кейін оны ұрған өз әкесі екені анықталып, күдікті қылмысын мойындаған.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
-
Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
-
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам