4 жасар Миланың денсаулығын тексеру үшін Алматыға арнайы мамандар жіберілді - Тамара Дүйсенова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 4 жасар Миланың денсаулығына қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, қазір бұл оқиғаны тексеруге Алматыға Медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын қадағалау комитетінен арнайы мамандар жіберілді. «Біз төтенше оқиғалар болған жағдайда арнайы мамандарды бағыттаймыз, олар барлық жайтты тексереді. Тексеру біткен соң қорытындысын және министрлік жүргізетін шараларды сіздерге таныстыратын боламыз», - деді министр. Айта кету керек, оқиға 4 қарашада болған. Онконауқас 4 жасар Мила Зайнидинованың әкесі Эльдар Зайнидиновтың айтуынша, Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында медбике бүлдіршіннің химиялық терапиясын екі есеге дейін арттырып жіберген. Салдарынан бүлдіршін қатты аурудан талықсып, денесі салданып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, медбике қазір жұмыстан уақытша шеттетілген. Медициналық мекемеде тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар