4 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 3 шілде 18:51

4 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 4 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Hilton Astana қонақүйінде «Green Energy & Waste Recycling Forum» (GEWR'22) жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі 6-шы еуразиялық бизнес форум өтеді.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында апталық брифинг өткізеді. Брифинг тақырыбы: «Жолдағы қауіпсіздік – өзекті мәселе». Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

12.30-де «Музыкалық субұрқақтар» қасында «Neo Nomad 2022» фестивалі басталады. Онда Қазақстандағы туристер баратын көрікті жерлер ұсынылады.

13.30-да Sheraton Nur-Sultan қонақ үйінде «Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық порталдың» іске қосылуы мен тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.30-да «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтеді. Онда әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекске ұсыныстар талқыланады және Enbek.kz платформасының жаңартылған форматы мен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру аясында әлеуметтік порталдың жаңа қызметтері таныстырылады.

19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымында «Turan» ансамблінің концерті өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Хат» философиялық драмасын ұсынады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT