4 шілде. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 4 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

96 жыл бұрын (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Бекмұхамедұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келген.

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұлды, Амангелдіні, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкийді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразында» Фигароны, «Укрощение строптивойда» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырларды және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласына да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс береді. 2006 жылы Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты. «Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері.

65 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Алик Жатқамбайұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында туған. 1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін, 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары – Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті; 1975-1977 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызметте болды; 1978 жылы – Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі; 1980-1984 жылдары – Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы; 1984-1988 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі; 1988-1989 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы; 1989-1991жылдары – Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы; 1991-1993 жылдары – Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясының тындаушысы; 1994-1995 жылдары – Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы; 1995-1997 жылдары – Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы; 1997-2000 жылдары – жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары; 2000-2003 жылдары – Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы. 2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі. 2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі; 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары. 2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (2017-2019). 2019 жылдан 2021 жылғы 16 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарімен, сондай-ақ ведомствалық медальдарымен наградталған. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

59 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Самат Сағынбайұлы АҚЫШЕВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 1985 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша Рудный индустриалды институтын, 1991 жылы Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасын тәмамдаған. Еңбек жолы: 1992-1997 жылдары – Рудный индустриалдық институтында оқытушы, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор; 1997-2001 жылдары – Қостанай облысындағы «Мелькомбинат» ААҚ атқарушы директоры, басқарма төрағасы, бас директоры; 2001-2006 жылдары – Қостанай облысы Жітіқара қаласында «Метал Трэйдинг» ЖШС бас директоры; 2006-2010 жылдары – Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Горные технологии» ЖШС Бас директоры; 2009-2021 жылдары – Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен марапатталды.

57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-ші қызметінің басшысы Серік Рысқалиұлы ШАЛАБАЕВ дүниеге келген.

Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығымен бітірген (1992).

Еңбек жолы: Ақтау қалалық прокуратурасының тергеушісі (1992); Маңғыстау облысы прокуратура басқармасының тергеушісі, аға прокуроры, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1994-1998); Ақтау гарнизонының әскери прокуроры (1998-2000); ҚР бас әскери прокурорының орынбасары (2000-2001); Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры (2001-2003); Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2009); ҚР Бас прокурорының аппараты басқармасының бастығы (2009-2011); ҚР Бас прокуратурасы департаменті бастығының орынбасары (01.2011-07.2011); Алматы облысы прокурорының орынбасары (2011-2012); Атырау облысы прокурорының орынбасары (2012-2018); ҚР бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары (04.2018-08.2018); Құқық қорғау органдары академиясының проректоры (2018-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурызынан.

48 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай хатшысы Аида Ғалымқызы БАЛАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы. 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2020-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылдан бері.

35 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Кәрімжанұлы ҚАРАБАЕВ дүниеге келді.

Ташкент облысында (Өзбекстан Республикасы) туған. Ташкент автомобиль-жол институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х,Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек қызметі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су шаруашылығы желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысы (2011); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті қызмет көрсету саласының технологиялық дамуы басқармасының бас сарапшысы (2011-2013); Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары (2014-2015); Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту департаментінің директоры (2018-2019); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту департаментінің директоры (2019-2020); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2020-2021 жж.).

Қазіргі қызметін 2021 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар