4 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 шілде күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Ұлттық Музейінде қала күніне арналған «Еуразия астаналарының қаламгерлері» халықаралық форумы өтеді.

10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде «Адами капитал - Қазақстанның бәсекеге қабілетінің шешуші факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.

11.00-де Велосипед спорты бойынша олимпиадалық дайындық орталығында алты олимпиадалық спорт түрінен Қазақстанда тұңғыш рет өтетін Қысқы балалар-жасөспірімдер фестивалі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында балаларға арналған «Туған күніңмен, Елорда!» мерекелік шарасы өтеді.

11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында денсаулық сақтау саласындағы реформаларға арналған брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кезекті брифинг өтеді.

12.00-де «Дәулет» спорт сарайының мәжіліс залында Республикалық күрес федерациясы басшысының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде Кәсіби бокс кеші қарсаңындағы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтеді. Оған ҚР Президенті Қ. Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев қатысады.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ішкі істер органдарын жаңғырту барысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Jekpe-jek» сарайында Жауынгерлік өнер фестивалі мен аталған сарайдың ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы музейінде «Жастар - ел тірегі» жас суретшілер көрмесі ашылады.

17.15-те Назарбаев университетінде IQanat-2019 республикалық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталады және жабылу салтанаты өтеді.

19.00-де Астаналық саябақта «АСТАНА САМАЛЫ» Х Халықаралық үрмелі аспап оркестрлерінің фестивалі салтанатты түрде ашылады.


АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен бірлесіп, фармацевтік және медициналық қауымдастықпен кездесу өткізеді.

16.00-де «Grand Hotel Tien-Shan» қонақ үйінде Қазақстанның туристік қауымдастығы мен Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы Алматы қаласы мен Алматы өңірінің кластерлік дамуы туралы таныстырылым өткізеді.

Соңғы жаңалықтар