4 процентпен автонесие қашан беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 4 проценттік автонесиені беру мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 проценттік автонесие ары кетсе, бір айдың ішінде берілетін болады. Қазіргі кезде ақша түсті. Үкіметтің қаулысы бар. Бүгінде ол қаржыны тарату шаралары атқарылып жатыр. Бірден айтып қояйын, бір айдан да аз уақыт қажет болады», - деді А.Лаврентьев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстанда 4 проценттік автонесие бағдарламасы 2015 жылы қолға алынған болатын. Содан бері 13 245 жеңіл автокөлік аталған шарттармен сатылды.

Ағымдағы жылы 19 ақпанда Үкімет 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша 10 миллиард теңгені бөлу туралы қаулыны қабылдаған болатын. Соның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатыны жоспарланған. Төрт пайыздық автонесие бағдарламасы қолға алынған 4 жылда бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді.

Бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі автосалондарға xабарласып, 4 пайыздық автонесиенің қай кезде басталатынын сұраған болатын.

Банк қызметкерлері несиенің артық төлемін де есептеп берді. Редакция аталған бастаманы «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде берілетін автонесиемен де салыстырып көрді.

Соңғы жаңалықтар