4 өңірдегі 15 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтожол.

Ақтөбе (1 учаске), Ақмола (3 учаске), Солтүстік Қазақстан (8 учаске) және Қостанай (3 учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды.
Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Айта кетейік, бүгін таңертең Республикалық маңыздағы жолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.


Соңғы жаңалықтар