4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қостанай қаласында 29 шілдеде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы күндіз 15-20 м/с айналасында болады.

29 шілде күні таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл тұруы мүмкін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады, жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстын соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Шымкентте 29 шілде күні таңертең және күндіз жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы - түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.

Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

29 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел батыстан соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар