4 облыс орталығында Елбасы есімі берілетін көшелер қайта таңдалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысы болып өтті, онда бірқатар жергілікті мәслихаттардың облыстық қалалардың орталық көшелерін қайта атау туралы шешімдері қаралды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелеріне ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешімдерді қолдады.

Сонымен бірге, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы атауын өзгертуге ұсынылған көшелерді өзге объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заманымыздың ұлы тұлғасы және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Қазақстанның ірі қалаларының орталық көшелеріне беруді ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар