4 наурыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 наурыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullnull

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1958) ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы ШӘМШИДИНОВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (1996-2002); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2002-2005); «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры (2005-2007); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2007-2009); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы (2009-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың ақпан айында кірісті.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

53 жыл бұрын (1966) Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Фатихұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.

1987-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы. 2014 жылғы сәуірден бері Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінде.

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1973) «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) Рустам Эдуардұлы СУЛЕЙМАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Коммерциялық құрылымдарда экономист, қаржы инспекторы болып жұмыс істеді. Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді. 1997-2000 жылдары «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2000-2002 жылдары KTG «Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті. 2002 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма мүшесі болды. 2013 -2014 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі). 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары. 2015 жылдың ақпан айынан - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі). 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1976) ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы ШОЛПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы қарашадан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың желтоқсанынан бастап.

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

38 жыл бұрын (1981) «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Абатуллаұлы АЮПОВ дүниеге келген.

Ол Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында туған. Академиялық инновация университетін заңгер мамандығымен бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен Лондон университетінде мемлекеттік басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолы: «ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі» ММ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша операторы, жетекші сарапшысы (2004 жылдан); Астана қалалық ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі ММ директорының орынбасары (2006-2008); Астана қалалық ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі ММ директоры (2008-2009); ҚР Премьер-министрі кеңсесінде мемлекеттік қызмет және кадрлар жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылық және кадрлар жұмысы бөлімінің бас консультанты, кеңсе басшылығы хатшылығының бас консультанты (2009-2015); Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы (2015-2017); «Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологиялар орталығының басшысы (2017-2018); Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі (07.2018-09.2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қыркүйегінде кірісті.

Соңғы жаңалықтар