+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

4 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 3 наурыз 20:00
Бөлісіңіз:
4 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі 4 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

10.00-де Сенат отырыс залында «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтеді.

10.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен кеңес өткізу жоспарлануда.

11.00-де «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» акциясын өткізеді. Акция барысында көпбалалы отбасылардан шыққан 3-6 жасқа дейінгі балаларға балабақшаға тегін баруға 100 сертификат табысталады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг ұйымдастырылады

12.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде брифинг өтеді.

12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнестегі іскер ханымдардың табыс кілті: Жобалар, бастамалар және алдағы жоспар» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

14.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.

15.00-де Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге баға белгілеу жөніндегі кездесуі өтеді.

15:00-де ҚазМЗУ ғимаратында «Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау – жұмыстың проактивті форматын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15:00 «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы 5 отбасына «Жас-Ай» медициналық орталығында тегін тексерілуге және емделуге сертификаттар табыстайды.

15.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесінің тұсауы кесіледі.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекеттік кітапханалардың үйлестіру-әдістемелік орталығын құру аясында «Туған жерге - тағзым» жобасын таныстыруға арналған жиналыс өтеді.

16:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» ҚЕАҚ қызметіне арналған баспасөз конференциясы болады.

АЛМАТЫ

09.00-де БҰҰ Үкіметінің ғимаратында «Пластикалық ластану: шешім іздеу және ынтымақтастық» тақырыбында конференция өтеді.

09.00-де Almaty Towers бизнес орталығында Қазақстан қор биржасы «Ұйымның қарқынды дамуы: гендерлік теңдік» конференциясын өткізеді және еліміздегі бизнес, экономика және әлеуметтік-саяси салада өз үлестерін қосқан танымал қазақстандық әйелдердің қатысуымен «Ring the Bell for Gender Equality» сатылымдарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

11.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтеді

15.00-де Мал шаруашылығы институтында «Ана жүрегін аялайық» атты салтанатты кеш өтеді. Онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»ҰК» АҚ Алматы филиалында жұмыс істейтін және демографияның дамуына үлес қосқан көп балалы аналарға құрмет көрсетіледі.

17.00-де Қазақстан қонақ үйінде «Aspandau» пікірталас клубының «Білім және ғылым жүйесін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: ашық сұрақтар мен ашық жауаптар» тақырыбында кездесуі өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT