4 мыңға жуық қымбат телефонды елімізге кіргізбек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының азаматы әртүрлі маркалы 3865 дана ұялы телефонды шекарадан өткізбек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Көрші мемлекеттен біздің елімізге өтпек болған азаматтың жекеменшік DAF автокөлігін тексеру барысында шекарашылар 3865 дана әртүрлі маркалы, қымбат ұялы телефондарды тауып алды. 28 жастағы Қырғызстан азаматының тауарына ешқандай рұқсат құжаттары жоқ болып шықты», - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің хабарлауынша, көлікте 906 дана Iphone, 2310 дана әр түрлі модельді Samsung, 205 дана Redmi, 380 дана Huаwei, 64 дана Vertu ұялы телефоны болған. Автокөлік жүгімен бірге экономикалық қылмыстарды тексеру департаментіне тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар