4 мың елордалық шетелге барудан бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі таңда 4 мыңнан астам адам шетелге барудан бас тартқан. Туристік операторлардың оларға қайтаратын қаражат көлемі шамамен 3 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты Кәсіпкерлер палатасы жанынан жедел штаб құрылды. Біз 1632 кәсіпорын арасында сауалнама жүргіздік. Соның қорытындысы бойынша, кәсіпорындардың 30%-ы ғана жұмыс атқарып жатқаны анықталды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның айтуынша, жедел штаб үш басты мәселеге ерекше назар аударады.

«Жұмысын толық тоқтатқан кәсіпорындарға назар аударамыз. Мысалы ірі сауда орындарынан орын жалдайтын жеке кәсіпкерлерге бір айға жалға алу ақысын төлемей қоюға болатын жеңілдіктер берілді. Дегенмен, кейбір сауда орталықтарының басшылары банк алдында несиелері болғандықтан, мұндай жеңілдік бере алмайтындарын алға тартады. Оларды да түсінуге болады. Осы бойынша жұмыстар жалғасуда. Екіншіден, туризм саласына назар аударамыз. Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі таңда 4 мыңнан астам адам шетелге барудан бас тартқан. Тур-операторлардың оларға қайтаратын қаражат көлемі шашамен 3 миллиард теңгені құрайды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар