4 маусымда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 4 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09:00-де «Мемлекеттік рәміздер» алаңында, «Отан қорғаушылар» алаңында және Есіл өзенінің жағалауында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған автокөліктер шеруі өтеді.

09:00-де Көктал шағынауданында мұқтаж жандарға пандемия кезінде жеке бизнес бастау мүмкіндігін беру үшін Бройлер балапандары таратылады.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы болады.

11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

11.00-де Елбасы кітапханасында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтеді.


Соңғы жаңалықтар