4 маусым. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

6 4 жыл бұрын (1959) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Барселонада өткен Ф.Виньяса атындағы Халықаралық вокалшылар конкурсының арнаулы Джино Бекки сыйлығының иегері Нұржамал Пернебекқызы ҮСЕНБАЕВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан) Арыс қаласында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарында Қыз Жібек, Дана (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Зылиха (Б.Жұманиязов «Махамбет»), Розалида (И.Штраус «Жарқанат»), Виолетта (Дж.Верди «Травиата»), Антония (Ж.Оффенбах «Гофман ертегілері»), т.б. бар. Қазақ әндерін де («Шилі өзен», «Алқоңыр», т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музыкалық шығармалары орын алған. Әнші гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, сондай-ақ, 1997 жылы Татар академиялық опера және балет театрының құрамында Португалияда, 1998 жылы Санкт-Петербург академиялық опера және балет театры кұрамында Жапонияда және басқа елдерде өнер көрсеткен. 2007 жылы «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк) залында жеке концерт берген. «Құрмет» орденімен марапатталған.

5 9 жыл бұрын (1964) Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басқарма төрағасы (президент) Абай Ноғайұлы ТҮРІКПЕНБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) туған. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химия-технология институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Навоиазот» ӨБ (Навои қаласы, Өзбекстан) аға шебері, 1, 2 аммиакті өндірудің химиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шебер (1986-1989); «Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты» ӨБ азот-тыңайтқыш зауытында (Ақтау) бөлім механигі, жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебер, Аммиак-1 цехының 6 разрядты слесарі (1989-1993); «Каскор» АҚ (Ақтау) маркетинг және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлімінің 2-санатты инженері, менеджері, бастығы (1993-1995); «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мұнай өнімдерін өткізу басқармасы бастығының орынбасары (1995-2000); «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ӨзенМұнайГаз» АҚ бақылау-аналитикалық департаментінің директоры (2002-2003); «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС Құрылысы салынып жатқан объектілер дирекциясы директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы (2003-2004); «ТенизСервис» ЖШС бас директордың орынбасары (2004-2008); «Батуми Индастриал Холдинг Лтд» (Батуми, Грузия) директор (2008-2012); «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ талдау және жобалау департаментінің директоры (2013); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ порт ғимараттары және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы (2014-2015); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ техникалық мәселелер жөніндегі вице-президенті (2015-2016); «Құрық порты» ЖШС бас директоры (2016-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

52 жыл бұрын (1971) Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Ғаббасұлы ҚАРАҒАЕВдүниеге келді.

1995 жылы И. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте және жеке секторда 22 жылдық еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін басқарды. Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР Энергетика вице-министрі болды.

Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың қаңтарынан.


Соңғы жаңалықтар