+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

4 маусым. Туған күн иелері

2020 жылғы 4 маусым 08:08
Бөлісіңіз:
4 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1959) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Барселонада өткен Ф.Виньяса атындағы Халықаралық вокалшылар конкурсының арнаулы Джино Бекки сыйлығының иегері Нұржамал Пернебекқызы ҮСЕНБАЕВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан) Арыс қаласында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарында Қыз Жібек, Дана (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Зылиха (Б.Жұманиязов «Махамбет»), Розалида (И.Штраус «Жарқанат»), Виолетта (Дж.Верди «Травиата»), Антония (Ж.Оффенбах «Гофман ертегілері»), т.б. бар. Қазақ әндерін де («Шилі өзен», «Алқоңыр», т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музыкалық шығармалары орын алған.

Әнші гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, сондай-ақ, 1997 жылы Татар академиялық опера және балет театрының құрамында Португалияда, 1998 жылы Санкт-Петербург академиялық опера және балет театры кұрамында Жапонияда және басқа елдерде өнер көрсеткен. 2007 жылы «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк) залында жеке концерт берген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


56 жыл бұрын (1964) Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Ноғайұлы ТҮРІКПЕНБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) туған. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химия-технология институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Навоиазот» ӨБ (Навои қаласы, Өзбекстан) аға шебері, 1, 2 аммиакті өндірудің химиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шебер (1986-1989); «Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты» ӨБ азот-тыңайтқыш зауытында (Ақтау) бөлім механигі, жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебер, Аммиак-1 цехының 6 разрядты слесарі (1989-1993); «Каскор» АҚ (Ақтау) маркетинг және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлімінің 2-санатты инженері, менеджері, бастығы (1993-1995); «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мұнай өнімдерін өткізу басқармасы бастығының орынбасары (1995-2000); «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ӨзенМұнайГаз» АҚ бақылау-аналитикалық департаментінің директоры (2002-2003); «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС Құрылысы салынып жатқан объектілер дирекциясы директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы (2003-2004); «ТенизСервис» ЖШС бас директордың орынбасары (2004-2008); «Батуми Индастриал Холдинг Лтд» (Батуми, Грузия) директор (2008-2012); «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ талдау және жобалау департаментінің директоры (2013); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ порт ғимараттары және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы (2014-2015); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ техникалық мәселелер жөніндегі вице-президент (2015-2016); «Құрық порты» ЖШС бас директоры (2016-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.


49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Жұмабай Ғаббасұлы ҚАРАҒАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау қаласында жеке кәсіпкерліктен бастаған. Мемлекеттік қызметін 2010 жылы Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы лауазымынан бастаған. 2013-2014 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары. 2015-2016 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.2016-2017 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары.2017-2018 жылдары Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2018-2019 жылдары – Атырау облысы Мақат ауданының әкімі. 2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап.


45 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы Серік Кенғанұлы АЙДАРБЕКОВ дүниеге келді.

Қазіргі Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (бакалавриат, магистратура), Э.Маттеи атындағы Жоғары мектебін (Италия), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Экономист, менеджмент саласының маманы; экономика мастері, тау-кен инженері-мұнайшы. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде Инвестициялық саясат департаментінің жетекші маманы болып бастады. 1997-1999 жылдары «Қазақойл» ҰҚ» ЖАҚ Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің аналитигі, Жобаларды басқару департаментінің аға аналитигі. 1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өнеркәсіп және инфрақұрылым бөлімінің консультанты болып еңбек етті. 2002-2004 жылдары - «Agip KCO» компаниясы қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің кеңесшісі, менеджері.

2004-2006 жылдары кәсіпкерлік қызметте болды. 2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ бас сарапшысы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2010-2012 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2012-2014 жылдар аралығында - Атырау қаласының әкімі.

2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT