+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 4 мамыр 03:18
Бөлісіңіз:
4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек солтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста найзағай болжанады. Республиканың жекелеген өңірінде жел күшейеді, оңтүстікте желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Мамырдың 9-ы күнгі ауа райы болжамы 8 мамырға арналған ауа райы болжамы Үш өңірде 2 градус үсік жүреді - Қазгидромет

Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

Түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысында сондай-ақ шаңды дауыл болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, Солтустік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT