+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

4 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 4 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
4 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 4 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады Жамбыл облысында жоғалған сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін табылды Қабул мектебіндегі жарылыстар: қаза тапқандар саны 85-ке жетті

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік демікпемен күрес күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жаһандық демікпе бастамасымен мамырдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1998 жылы 35 елде өтті және бронх демікпесі бойынша дүниежүзілік форумға орайластырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның назарын демікпемен сырқаттанушылықтың өсу проблемасына аудару, астматиктерге көмек көрсету сапасын және адамдардың осы ауру туралы хабардарлығын арттыру.

Халықаралық өрт сөндірушілер күні

1999 жылы Австралияда болған орман өртінде бес өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты бекітілді.

Қысым көрсетуге қарсы күрес күні (Қызғылт жейде күні)

Жыл сайын әлем бойынша көптеген адамдар қызғылт жейде немесе футболка киіп, Қысым көрсетуге қарсы күрес күнін қолдайтындықтарын көрсетеді. Бұл науқан 2012 жылы басталды, содан бері оны 25 мемлекет қолдап үлгерген. Статистикаға сәйкес, мектепте оқу кезінде әрбір төртінші жасөспірімге қысым көрсетіледі. Балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың ең көп таралған себептерінің бірі - құрдастары тарапынан қысым жасалуы.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1939 жылы Қазақстан композиторларының одағы құрылды. Одаққа бастамашылықты 7 композитор:Евгения Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Василий Великанов, Латиф Хамиди, Борис Ерзакович, Сергей Шабельский жасады.

1993 жылы орыс тіліндегі қазақстандық топонимдердің транскрипциясы біріздендіріліп, Қазақстан Республикасының жеке әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын өзгертуге бұйрық берілді, осыған сәйкес Джамбул қаласы - Жамбыл, Талды-Курган қаласы - Талдықорған, Иссык қаласы - Есік, Ермак қаласы - Ақсу болып өзгертілді.

2012 жылы Астана қаласында Эстония Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов және Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Паэт қатысты.

2013 жылы Астана қаласының Ұлттық кардиохирургиялық орталығы жанында ерекше аллея пайда болды. Ол жерге донорлық жүрек ауыстыру отасы жасалған елуінші науқастың құрметіне ағаштар отырғызылды.

2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен даңқты әскери қолбасшы – ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы фильм жарыққа шықты. Авторлар сұм майдан жылдарындағы оның ерлігі, соғыстан кейінгі өмірі жайлы құнды материалдар жинақтады. Сағадат Нұрмағамбетовке 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.

2015 жылы Алматыда Рейхстаг ғимаратына Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа (1924-1988) арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тақта «Алматы» қонақүйінің қасбетіне орнатылды. Бұл жерде Р. Қошқарбаев соғыстан кейін 20 жыл басшы болып еңбек еткен. Еске сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет жеңіс жалауын желбіреткен батырдың бірі қазақ Рақымжан Қошқарбаев болатын. Осы ерлігін көп жылдар бойы Кеңестік жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келген еді.

2017 жылы «Бабалар ізімен»65 күндік ғылыми экспедициясы басталды. Ғылыми топ Ресей, Әзербайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдова, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Италия, Франция, Венгрия және Ватикан сияқты елдерге барды.

2017 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның концлагерінде тұтқында болған тоғыз қазақстандық Германия Федеративтік Республикасының Үкіметінен 2500 еуро мөлшерінде өтемақы алды, барлығы 12 қазақстандық өтініш берген болатын.

2018 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің интерні ақтөбелік Гүлназ Әділова Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер ұйымының стипендиясына ие болды. Ол Польшаның Краков қаласында өткен ірі медициналық конференцияға Қазақстан атынан қатысқан болатын.

2019 жылы Қарағанды облысындағы тарихи-өлкетану музейінде «Өмір мен өлім арасындағы дүние» халықаралық көрмесі ашылды. Бұл – 2010 жылы танымал швед коллекционері Турбьерн Ленскугпен бірлесіп әзірленген Армия музейінің жобасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT