4 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 4 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1928) танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДҮЙСЕНБЕКОВ Дүбек дүниеге келді.

Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жезқазған кен байыту комбинатында, Текелі геологиялық барлау партиясында геолог, аға геолог, партия бастығы болған. 1966-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кенін ашқан. 1971-1978 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар Миронов висмут, Карьерный, Бескемпір, Ақсақал алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген.

Көптеген ғылыми еңбектің авторы.

2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдермен марапатталған.


88 жыл
 бұрын (1930-1996) қазақтың ақыны, жазушы ЖӘКЕНОВ Заманбек дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Құлжадағы офицерлер даярлайтын әскери мектепті, Үрімжідегі жоғары партия мектебін бітірген.

1955 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1963-1968 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Екпінді еңбек» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте жауапты қызметтер атқарған.

«Аяулы қарындас», «Таң самалы» повестерінің, «Қайта айналып келгенше», «Бозқараған» повестер мен әңгімелердің, «Күн көтеріліп келеді» романының авторы.


76 жыл
 бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді. 

Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965-1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970-1977 жж. «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор, 1979-1990 жж. Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды.

Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


70 жыл
 бұрын (1948) ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік әнұраны мәтіні авторларының бірі ДӘРІБАЕВА Жадыра дүниеге келді.

Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін, Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімін бітірген. 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991-1992 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 

Соңғы жаңалықтар