4 қазан. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 4 қазанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

118 жыл бұрын (1904-1987) ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай КЕНЖЕБАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында туған. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Казақ мемлекеттік университетін бітірген. «Жас қайрат», «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газеттерінде редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1941-1944 жылдары - Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы. 1961-1987 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры. Кенжебаев - қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Ж.Жабаев, М.Сералин, М.Әуезов, С.Шәріповтердің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен хрестоматиялар, «Тымпи», «Көңіл ашар» сатиралық фольклор мұраларын жариялады. «Асау жүрек» әңгімелер жинағы жарық көрген. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.

79 жыл бұрын (1943-2011) дирижер, композитор, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Тимур Кәрімұлы МЫҢБАЕВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Ленинград консерваториясын халық дирижерлік (профессор Е. П. Кудрявцевтің класы бойынша) және композиция (профессор И. Я. Пустылыниктің класы) екі мамандық бойынша бітірген. Көптеген жылдар бойы Т. Мыңбаев ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері болып қызмет етті. Ол дирижерлік, композиторлық және музыкалық қызметті табысты тоғыстырды. Ол опера мен балет, симфония мен симфониялық күйлер, соната мен квартет, оратория мен вокальды-хорлық циклдер тақырыбына қалам тартқан тұлға. Оның шығармаларында композиторлық мектептің өткені мен қазіргісі тұтасады, Мыңбаев шығармашылығының бастауы - қазақтың ұлттық фольклоры болып табылады. Халықтық ән арқылы Мыңбаев шығармашылығы ұлттық бояумен көркемделіп, жаңа леп, заман тынысымен үндесті. Мәскеудің үлкен театры мен Марьин театрында, Петербург қаласында және әлемнің көптеген беделді сахналарында дирижерлік етті. Соңғы жылдары Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Ресей Музыкалық академиясының симфониялық және камералық оркестірлердің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып қызмет атқарды.

53 жыл бұрын (1969) Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы АСАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 2000 жылы Қостанай бизнес және басқару институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2012 жылы Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары – Науырзым ауданы «Науырзым» кеңшарының жұмысшысы. 1989-1993 жылдары – Науырзым аудандық қаржы бөлімінің штаттар бойынша ревизор-инспекторы, аға экономисі. 1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті басқармасының Қостанай облысы Науырзым аудандық бөлімшесінің бас бақылаушы-тексерушісі. 1994-1995 жылдары – Науырзым ауданы «Мұрагер» МП бас бухгалтері. 1995-2000 жылдары – Науырзым ауданы Салық комитетінің салық инспекторы, жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің бас маманы, аудит бойынша бөлім бастығы. 2000-2007 жылдары – Науырзым ауданы әкімінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары. 2007-2011 жылдары – Сарыкөл ауданы әкімінің қаржы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2011-2013 жылдары – Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі. 2013-2018 жылдары – Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы. 2018-2021 жылдары – Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамыр айынан бастап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

49 жыл бұрын (1973) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Темірхан Жалғасұлы МЕҢДІҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер» мамандығы бойынша, Мәскеу автомобиль-жол институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Әр жылдары «Металлист» Орал зауытының токарі; «Оралавтожол» Орал қазыналық кәсіпорының бас жетекші, бас маманы; «Қазақавтожол» РМКК Батыс Қазақстан облыстық филиалының №31 ӨЖУ бастығы; ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жауапты қызметтерде; ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының орынбасары; «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады. 2020-2021 жылдары – «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың шілде айынан бастап.

45 жыл бұрын (1977) ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы САРБАСОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша, 2001 жылы Еуразия гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша, 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған. ІТС (ILO) халықаралық оқу орталығында, Италия, Турин қаласы (2011), Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат жоғары мектебінде және Ли Куан Ю (Сингапур) (2013) мемлекеттік саясат мектебінде тренинг-оқулар оқыған.

Еңбек жолы:1999-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде маман, жетекші маман, бас маман, Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін бақылау және тіркеу департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау және халықты жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары, заң департаментінің, еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры, Көші-қон комитеті төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. 2013 жылы тамызда бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2014 – 2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы (2017-2019). ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2019-2020).

2020 жылдың маусымынан бері қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1979) « «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Бақытұлы ЖҮСІПОВ дүниеге келді.

2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2007 жылы Лондон экономика мектебін экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесімен, 2015 жылы Гарвард университетін Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолын «Түркуаз» компаниялар тобында маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары ретінде бастады. 2003-2009 жылдары «Демир Казахстан Банк» АҚ-да жұмыс істеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2009-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымында мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2010-2015 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің экономика және қаржы жөніндегі директоры.2015-2020 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры. 2020-2021 жылдары – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап.


Соңғы жаңалықтар