4 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу және жол қауіпсіздігі мәселелері қаралады.

10:30-да EXPO ғимаратында дөңгелек үстел өтіп, Қазақстандағы телекоммуникация саласын одан әрі дамытудың келешегі талқыланады. Атап айтқанда, салық салуды жетілдіру, тауарларды таңбалау және қадағалау нарығын дамыту, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралады.

11:00-де Ұлттық теннис орталығында Astana Open ATP 500 жарысы басталады.

15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19:30-да Барыс Арена алаңында «Барыс» және «Нефтехимик» хоккей клубтарының матчы өтеді.


Соңғы жаңалықтар