4 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар