Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 27 °С
Алматы: 32 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

4 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2018 жылғы 3 қаңтар 21:21 1260
Бөлісіңіз:
4 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар мен оқиғалар ретін ұсынады.

АСТАНА

Ертең 15:00-де Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуінің басымдылықтары жайлы баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ҚР СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев қатысады.

12:00-де Қазақстандағы блокчейн индустриясының болашағы жайлы баспасөз мәслихаты өтеді. Журналистер сұрағына заңды тұлғалар бірлестігі кеңесі ассоциациясының төрағасы Есет Бутин және атқарушы директор Дастан Қожабеков жауап береді.

АЛМАТЫ

10:00-де қалалық кардиоорталықта мәжіліс тобы медициналық ұжыммен кездеседі. Кездесуге Мәжілістің вице-спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева, әлеуметтік-мәдени даму бойынша Мәжіліс комитетінің төрағасы Гүлнар Иқсанова мен экология және табиғатты пайдалану бойынша Мәжіліс комитетінің мүшесі Серік Сейдуманов қатысады.

11:00-де «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында Рождество Христово мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Астана және Алматы митрополиті Александр мереке барысы мен шіркеулер туралы әңгімелеп береді.

 

 


Басты сөздер: Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат