4 елдің өкілдері Үлкен Алтай экономикалық кеңесін құрды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Моңғолияның Ховд қаласында Халықаралық үйлестіруші кеңестің «Алтай - ортақ үйіміз» атты 15-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шараға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, Моңғолияның Ховд және Баян-Өлгий аймақтарынан делегаттар қатысты.

Отырыста ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланып, алдағы жылы атқарылатын жұмыстар жоспары келісілді.

Шарада қабылданған маңызды шешімдердің бірі ХҮК базасында Үлкен Алтай өңірлерінің экономикалық кеңесін құру мәселесі болды. Осы шара қатысушылары бірауыздан қолдап, қорытынды құжатқа тіркелді.

«Экономикалық кеңестің мақсаты - іскерлік бастамаларды қолдау, ынтымақтастықтың басым бағыттарындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы бизнес-ынтымақтастықты нығайту», - деп мәлімдеді ШҚО туристік ақпарат орталығының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар