4 бала асырап алған ақмолалық отбасы бақытты өмір кешуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері Арай Жанатуғанова жұбайымен бірге алты бала тәрбиелеп отыр. Ол туған екі баласынан бөлек өткен жылы Қостанай балалар үйінен 3 жасар Назар, 5 жасар Рамиль, 8 жасар Еркебұлан және 7 жасар Жанель есімді ағайынды төрт баланы асырап алды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкері Любовь Подоляк желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арай Жанатуғанова темір жол саласында 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша экология мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол ұжымға сыйлы, әріптестері мен басшылық тарапынан жоғары абыройға ие. Өзі де осындай ұжымды жұмыс істеп жатқанына дән риза. Арай тұрмысқа ерте шығып, бір ұлы мен бір қызды дүниеге әкелген. Бүгінде олар 18 және 20 жаста. Аналары оларды мақтан тұтады. Ұлы спорт шеберіне үміткер болса, қызы жеке бизнесін қолға алып отыр.

Өкінішке орай, оның алғашқы некесі сәтсіз болды. Соңғы бірнеше жыл бойы аурумен күрескен Арай оны жеңіп шығады. Оның өзі қадірлейтін, өзін қадырлейтін депо және бөлімше ұжымдары бірнеше отасына төлеуге қаражы жинап, қолдарынан келгенше көмек көрсетті. Дәрігерлердің, әріптестерінің және туыстарының ортақ күш-жігерінің арқасында ауру бас тартты. Көп ұзамай Арай екінші күйеуін кездестіркен. Ол оған бірден балалы бола алмайтынын айтқан, сондықтан ерлі-зайыптылар бала асырап алуға шешім қабылдаған.

«Мен бала кезімнен үйде әрдайым балалардың күлкісі естілетіндей үлкен отбасым болуды армандамым», - дейді ол.

Отбасы отбасының жаңа мүшесін асырап алу мәселесіне жауапкершілікпен қарады. Арай мен оның күйеуі асырап алушы ата-аналар мектебінде үш айлық курстан өтті, олардың барлық қаржылық және психологиялық мүмкіндіктері байсалды бағаланды. Содан кейін жетім балалардың мәліметтер базасында сәбиді іздеуге кірісті.

«Барлығы жаңа туған нәрестені тәрбиелегісі келеді, сондықтан жүйеде мұндай балалар аз болды. Біз үлкен баланы қабылдауға шешім қабылдадық. Сондықтан біз Назар есімді ұлды таптық, ол үш жаста еді. Оның анкетасынан бізге дейін оны біреулер асырап алуға әрекеттенгенін, кейін одан бас тартқанын анықтадық. Бастапқыда біз бала науқас болуы мүмкін, сол себепті одан бас тартқан деп ойладық. Бірақ біз оған қарамастан онымен кездесіп, танысуды шештік. Кездесу сәтті өтті. Біз сол кездесуде армандаған баламызды тапқандай өзімізді бақытты сезіндік. Баланың да дені сау болып шықты», - дейді патронат ана.

Арай жолдасы екеуі бала асырап алуға ұзақ уақыт дайындалып, жоспарларын саралап алғандықтан ер жеткен ұлы мен қызы үшін бұл тосынсый болмады. Назармен кездесуге отбасының барлық мүшелері барды. Балалар үйінде көптеген асырап алушы ата-аналар назарды асырап алғысы келетіні белгілі болды, бірақ оның әпкесі мен екі ағасы бар екен. Ағайындыларды ажыратпай бәрін бірге асырап алу үлкен жауапкершілік, сол себепті оған көбі жүрексінді. Арай төрт баланың көп екенін түсінді, бірақ ағайындыларды ажыртауға болмайтынын да естен шығармады.

«Бірінші сезім қорқыныш болды. Бірақ балаларым мен жан жолдасым қолдау білдірді. Үлкен ұлым бірден бес жасар Рамильмен ортақ тіл тапты. Ол балаға бірге спортпен айналысатынын айтты. Балалармен кездесуден кейін біз оларды қалдыра алмаймыз деп шештік. Бірден біз қамқоршылық бөліміне келдік. Балалар үйіне оралғанда, олардың бізді терезе алдында күтіп тұрғанын көрді», - деп еске алады Арай.

Ал Жанель болса, бірден Арайды ана деп атады. Осылайша, арада 14 күн өткен соң жетім балалар отбасын табады.

«Балалар бастапқыда біздің асырап алатынымызға онша сене қоймады. Арада төрт, бес күн өткенде Жанель маған: «Ана, сен менің бақытымсың», - деді, осындай сөзден жүрегім елжіреп қой берді. Балалар өмірінде көп нәрсені бастан өткерді. Олардың биологиялық ата – аналары алкогольдік ішімдік ішіп, балаларға жәбір көрсеткен тәрізді. Оны балалардың денесіндегі жараның іздерінен көруге болады», - дейді Арай Жанатуғанова.

Қазір отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрады, алдағы уақытта кең үй салуды армандайды. Патронат ана әр баланы өзінің мейріміне баурап, аналық жылу сыйлауда.

«Бөтен бала жоқ. Ең бастысы-сенім керек, сонда бәрі ойдағыдай болады. Жұмыстағы әріптестерім мені түсініп, материалдық-моралдық жағынан да барынша көмек қолын созуда. Тіпті, үйде балаларымның жанында ауруымды ұмытып, кремет демалып қаламын», - дейді көпбалалы ана.

Осы күні Арай мен оның өмірлік жан жолдасы екеуі ағайынды төрт жетімге ата-ана жылуын сыйлып, бақытты өмір кешуде.


Соңғы жаңалықтар