4 айдағы бюджет тапшылығы 1 трлн 355,5 млрд теңге болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі елдің қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік дерегі бойынша, қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік бюджетке 7 540,7 млрд теңге түсім келген. Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 6 трлн 140,2 млрд теңге болған. Ал шығыстар 8 трлн 72,6 млрд теңге болып, бюджет тапшылығы 531,9 млрд теңге көлемінде қалыптасқан.

«Республикалық бюджетке түсімдер 5 трлн 638,9 млрд теңге болды. Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 4 трлн 17,6 млрд теңгені құрады. Шығыстар 6 трлн 994,5 млрд теңгені, оның ішінде шығындар – 6 трлн 778 млрд теңгені құрады. Тапшылық – 1 трлн 355,5 млрд теңге.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 26 трлн 418,9 млрд теңге (59 млрд АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-нің 21,9%-ына тең болды. Мемлекеттік борыштың 86%-ын Үкіметінің борышы (22 трлн 718 млрд тг немесе болжамды ЖІӨ-нің 18,8%-ы)», - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомство ақапартына сүйенсек, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді қоса алғандағы мемлекеттік борыш 2023 жылдың басымен салыстырғанда 4,1% ұлғайып, 27 трлн 728,4 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде ішкі борыш – 18 трлн 013,4 млрд теңге немесе болжамды жалпы ішкі өнімнің 14,9%-ына, сыртқы борыш – 9 трлн 715 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімінң 8,1%-ына тең.


Соңғы жаңалықтар