4 айда теміржолда билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 4 айында пойызда билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың алғашқы 4 айында компания тарапынан 2146 пойыз тексерілді. Тексеру нәтижесінде билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды, 23 қызметкермен еңбек келісімшарты тоқтатылды», - деп атап өтеді компаниядан.

Жолда пойыз вагонында көңіліңізден шықпайтын иіс, лас дәліз, әжетхана бөлмесіндегі судың тапшылығы, жыртық төсек-орын сынды фактілерге тап болсаңыз онда міндетті түрде жолсерікке немесе пойыз басшысына шағымдану қажет.

«Жолаушының талабы бойынша жолсерік міндетті түрде Шағым кітапшасын ұсынады. Не болмаса фотобейне түсіріп, 1433 бірыңғай қызмет орталығына немесе компанияның ресми сайтындағы Бас директордың блогына (https://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберуіңізді сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі (Facebook, Vkonakte) біздің парақшаларымызға өтінім қалдырыңыздар!», - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар