№4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы №4 ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық сотта мәлім еткендей, Тезекбаевқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беру түріндегі жаңа бұлтартпау шарасы қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына сәйкес, Асқар Тұңғышбаев (Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиологы) пен Қанат Тезекбаевқа (Алматы қаласы №4 мемлекеттік клиникалық ауруханасының бас дәрігері) қатысты екі ай мерзімінде қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оларға ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлімінде (медицина және фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауының салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) қарастырылған қылмысты жасады деп күдік келтіріліп отыр.

Сондай-ақ, ҚР Президенті 2 айға қамалған дәрігерлердің ісін заң тәртібіне сай шешуді тапсырды.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар