4,8 млрд теңгеге 880 мың гектар жер қайтарылды - Бас прокуратура

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жерді ұтымды пайдалану бойынша прокуратураның қадағалауымен 4,8 млрд теңгеге 880 мың гектар жер қайтарылды. Бұл туралы бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері тергеу органдарының 328 мың қаулысының 286 мыңы ғана заңды деп танылды, ал қалғандары келісуден бас тартылған немесе олар қайта пысықтауға жолданған. Нәтижесінде тергеу сапасы артып келеді, азаматтарды қылмыстық шеңберге негізсіз тартудың алғашқы сатысында жолы кесілген», - делінген Бас прокуратура ұсынған хабарламада.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық салада дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жерді ұтымды пайдалану, азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және басқа да өзекті бағыттар бойынша нәтижелі тексерулер мен талдаулар жүргізілген.

Соның нәтижесінде прокурорлардың қадағалау актілері бойынша 4,8 млрд теңгеге 880 мың гектар жер қайтарылып, 1027 бизнесті заңсыз тексерудің күші жойылды. Мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің негізсіз шектеулері бар 60 қаулысы өзгертіліп, заңға сәйкестендірілді.

Ведомствоның алқа отырысына Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Құқық қорғау органдары академиясының басшылығы, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың прокурорлары қатысты.


Соңғы жаңалықтар