4,5 мыңнан астам елордалықтың бала күтімі бойынша алатын жәрдемақысы ұзартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бала күтімі бойынша 4,5 мыңнан астам елордалықтың жәрдемақы мерзімі ұзартылды. Мұны Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Дәмежан Садуақасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайту туралы тапсырма берді. Осылайша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап босанған әйелдерге 1,5 жылға жәрдемақы тағайындады. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жәрдемақы алып отырғандардың төлемі автоматты түрде тағы 6 айға ұзартылды. Жалпы, 1 қаңтардан бастап елорда бойынша 4,5 мыңнан астам адамның бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімі ұзартылды», - деп мәлім етті Дәмежан Садуақасова.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнетақы жарналары субсидияланатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар