3х3 баскетболдан қазақстандық команда Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-18 қазан  аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына 3х3 баскетболдан Қазақстан ерлер командасы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын Әнуар Шәкіров, Василий Белозор, Ерқанат Қайрошев және Дулат Ешмұхамбетов қорғайды. 

3х3 баскетболдан Олимпиадаға жалпы 20 команда қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан D тобында Италия, Латвия, Қырғызтан және Бельгияга қарсы ойнамақ. 

Соңғы жаңалықтар